Африка елдеріне Эбола безгегі қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Өткен аптада Гвинеяда 7 адамнан індет анықталып, үшеуі қайтыс болды. Науқастармен қарым-қатынаста болған жүзден астам адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Індет құрлықтың алты мемлекетінде анықталуы мүмкін деген болжам бар.
Бұған дейін вирус Конгода шыққан еді, тұрғындарды вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Эбола – жабайы жануарлардан жұғып, адамнан адамға тарайды. Инфекцияны жұқтырғандардың 90 пайызы көз жұмады.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Африка елдеріне Эбола безгегі қауіп төндіріп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137317/)