Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында премьералар апталығы басталды.
Өнер ұжымы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 4 жаңа қойылымның тұсауын кеспек. Күні кеше Дубстың «Екеуміз» драмасы қойылды. Сондай-ақ алдағы күндері бірнеше драма көрерменге жол тартады деп жоспарланған. Қойылымдарда қоғамдағы ең өзекті проблемалар көтеріледі. «Көрерменнің көңілінен шығады деген үміттеміз», - дейді театр ұжымы.
Айта кетейік, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты театрда әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Осыған орай өнер шаңырағы 230 көрерменді қабылдай алады.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі:
Тарихта сирек болатын жағдай. Жігіттер қайсарлық көрсетіп, күндіз-түні жұмыс істеп, осы бір мезгілде шығарды бәрін. Халыққа көрсетеміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әуезов театрында премьералар апталығы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137355/)