Ақтөбелік кәсіпкер әйел мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірген. Оны Қаржы мониторингі комитеті, экономикалық тергеулер департаментінің мамандары анықтаған.
Алаяқ әйел 2017-2019 жылдары атқарылмаған жұмысты атқарылды деп, жалған есепшот-фактура берумен айналысқан. Ол үшін атына 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеп, екінші деңгейлі банктерден есепшот ашқан. Сөйтіп, өзіне тиесілі фирмалар арқылы ақша аударып отырған. Енді ол 3 жарым жылын темір торда өткізеді. Сондай-ақ, 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық жасау құқығынан айырылды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбелік алаяқ әйел мемлекетке 650 млн теңге шығын келтірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137388/)