Қарағанды облысында 20 ақпаннан бастап бірқатар шектеулер доғарылады. Өңір қазір «жасыл аймақта» тұр. Енді сенбіден бастап монша, аквапарк, SPA салондары, жабық базарлар мен аумағы 2000 мың шаршы метрден асатын сауда-ойын орталықтары және ірі дүкендердің жұмысына рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ демалыс күндері қалааралық автобустар қатынайды. Мешіттерде де жамағатпен құлшылық жасауға рұқсат етілді. Бірақ халық саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Театр, кітапхана, музей, кинотеатрларға да - осындай талап. Бірақ әлі де халықтың жиын-той өткізуіне рұқсат жоқ.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында бірқатар санитарлық шектеулер доғарылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137398/)