Қызылорда қаласында болған атыста оқ тиіп, жарақаттанған 18 жастағы жігіт қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оқ іш қуысына терең өтіп кеткен, ішкі ағзалары зақымданған, 4-дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Бірақ, бозбаланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Нұржамал Тұрсынбаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:
- Дәрігерлер баланың өмірімен арпалысты. Ота 3,5 сағатқа созылды. Бірақ, дәрігерлердің қанша еңбегіне қарамастан, ішкі ағзаларының бүлініп кетуіне байланысты бала қайтыс болды
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада болған атыстан жарақаттанған 18 жастағы жігіт қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13745/)