Семей қаласында қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Кеше түнде барлық бағыттағы жолдар жабылған. Өңірде жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласып, көшелерді көк мұз басты. 20-дан астам адам тайып құлап, дәрігердің көмегіне жүгінді.
Ал, Ақтауда бір тәулікте 62 тұрғын көктайғақта жарақат алды. Мертіккен 10 адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Одан бөлек, 3 жол апаты болып, 3 адам ауыр халде аурухана түсті. Ауа райының тосын мінезі тараздықтарды да әбігерге салды.
Қатты желдің салдарынан көп қабатты үйдің шатыры ұшып, бірнеше көлікті басып қалды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда бір тәулікте 62 тұрғын көктайғақта жарақат алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137452/)