Маңғыстауда Мұнайлы ауданындағы 40 орындық провизорлық стационар жабылды. Өйткені, науқастар саны азайып, эпидемиологиялық ахуал жақсарған. Аурудан айыққан соңғы науқас осыдан 5 күн бұрын үйіне жіберілді. Пандемия басталғалы стационарда 700-ге жуық адам емделген.
Кеңес Айтымов, Мұнайлы аудандық провизорлық стационар меңгерушісі:Науқастардың азаюына байланысты ақпан айнының 15 жұлдызында провизорлық орталықты жаптық. Бұрын емхана болған жер сондықтан Маңғыстау-5 ауылына емханасын қайта дезинфекция жасап, толық қайтарып береміз.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнайлы ауданындағы провизорлық стационар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137457/)