Қара алтын құны қайта құлдырай бастады. Бұған АҚШ-та мұнай өндірісінің қайтадан жандануы себеп. Онда төрт бірдей алпауыт компанияның кен орындарындағы жұмысы қыза түскен соң, нарықтағы ұсыныс артып отыр.
Содан баға бірден 3-4 долларға арзандады дейді сарапшылар. Қазір брент маркалы мұнайдың баррелі 63 долларға тең. Бұл теңгемізге кері әсер етіп жатыр. Төл ақшамыз бүгін долларға шаққанда 3 теңгедей арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 418 теңгеге саудалануда.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай арзандап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137463/)