![Коронавирус жұқтырған 242 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/22/1613964493238.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды. 699 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 208117-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 642 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 191739. Қайтыс болғандар - 2699.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 285 адам ем қабылдап жатыр. 242 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 13 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48983 адамға пневмония диагнозы қойылды. 40765 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 612.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 242 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137491/)