![Вице-министрлер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/22/1613965066591.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды.
Олар вакцинаны №6 қалалық емхана базасында салдырды.
Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.
Еске сала кетейік, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вице-министрлер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137492/)