Бүгін қатты аязға байланысты бірнеше облыста мектептерде сабақ доғарылды. Ақмола облысының кейбір жерлерінде таңертең ауа температурасы -30-32 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан Көкшетау қаласы мен бірнеше ауданда мектеп оқушылары толығымен қашықтан оқуға ауысты. Солтүстік Қазақстан облысында да 1 сыныптан бастап 12-ші сынып аралығындағы оқушылар тегіс қашықтан оқуға көшірілді. Мектеп оқушыларымен қоса колледждердің 1-2 курс студенттеріне де сабақ тоқтатылды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қатты аязға байланысты солтүстік өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137507/)