Таразда дауылдан кейін қираған нысандар қалыпқа келтіріліп жатыр. Қазір жұмыстың жетпіс пайызы аяқталған. Ұйытқыған жел шағын шаһардағы он тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Дауылдан жүзге жуық тал-терек пен 3 электр бағаны құлаған. Сондай-ақ, 2 аялдама қирап , 20 бағдаршам істен шыққан. Қазір қала көшелерінде қозғалыс қалыпқа келіп, жарық қайта қосылды.
Асқат Есеналиев, қала әкімінің орынбасары:
Жалпы жұмыстардың жетпіс пайызы қалпына келтірілді, бүгінгі таңда қалада су, газ, жарық толығымен беріліп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда дауылдан қираған нысандар жөнделіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137524/)