АҚШ-тың Техас штатында өткен аптада болған аяз салдарынан 9 миллионға жуық адам сусыз отыр. Жылу мен жарық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Тегін азық-түлік тарату орындарында бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 13 мыңнан астам үйге электр жарығы әлі қосылмаған. Айта кетсек, АҚШ-тың 7 штатында жауған қалың қар мен салқын ауа райынан 58 адам қайтыс болды.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та аяз салдарынан 9 млн-ға жуық адам сусыз отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137567/)