Ақтөбе қаласында дзюдодан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен 13 облыстан 668 дзюдошы қатысты. 16-17 жас аралығындағы татами шеберлері 16 салмақ бойынша күш сынасты. Нәтижесінде Алматы облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен көш бастады. Ал Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Қарағанды облысының жасөспірімдері үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздар ел құрамасының қатарын толықтыратын болады.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137573/)