Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке отандық аналитикалық орталықтарды дамыту, жаһандық компаниялардан инвестиция тарту, ақша-кредит саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.
Ал Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен кездесуде қазақстандық БАҚ тың бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясатты реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық масс-медиа контентінің сапасын арттырып, қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуді тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137575/)