![Қазақстанда 20 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/24/1614137043630.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 753 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 209562-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 946 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 193679. Қайтыс болғандар - 2718.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 387 адам ем қабылдап жатыр. 236 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 56 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49047 адамға пневмония диагнозы қойылды. 41210 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 615.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 20 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137601/)