Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді. Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі түнгі сағат 12-ге дейін ұзартылды. Ірі сауда орындарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, кинотеатрлар, мәдениет ошақтары қызметін қайта жандандырады. Облысаралық автобустардың қозғалысына қойылған шектеу де алынып тасталды. Өңірде соңғы аптада коронавирус инфекциясының таралуы төмендеді. Тәулігіне 60-65 науқас анықталуда. Облыс 14-інші ақпаннан бері «сары» аймақ қатарында. Мектеп оқушылары арасында да ауру жұқтыру көрсеткіші азайды. Дегенмен, 22 мектеп әлі де карантинде.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында шектеу шаралары жеңілдетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137637/)