Бұдан былай хабарландыру тақтайшаларындағы жарнамаларда мемлекеттік тілді қолдану міндеттеледі. Көрнекі ақпараттарда қателер қаптап жүр. Өнім қаптамалары мен мекемелердің маңдайшасындағы сауатсыз жазбаларға қатысты 3 жарым мыңға жуық шағым түскен. Бүгін Мәжілісте тиісті заңға өзгерістер енгізу жайы талқыланды. Бұл мемлекеттік және басқа да тілдерде деректемелерді орналастыру тәртібін құқықтық тұрғыдан реттейді. Сондай-ақ енді фильмдерді қазақ тіліне дұрыс аудармаған компаниялар прокаттау құжатынан айырылады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауатты аудармаға қатысты заң жобасы мақұлданды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137653/)