![Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/25/1614224165521.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. 795 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 210357-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 696 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 194375. Қайтыс болғандар - 2721.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 342 адам ем қабылдап жатыр. 240 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 74 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49121 адамға пневмония диагнозы қойылды. 41421 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 619.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137660/)