Екібастұз қаласында 61 жастағы ер адамды атып өлтірген күдікті кінәсін мойындады. Ол оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталған болатын. Жасырынған жерін тінту барысында шолақ мылтық табылды. Күдіктінің жасы 65-те. Ол марқұммен жақсы таныс болған, бірақ соңғы уақытта өзара ерегісіп, араласпаған. Өштескен ол ақыры танысын атып өлтірген.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:Күдікті мен өлтірілген адам арасында көптен бері келе жатқан араздық бар екен. Жеке бастарына қатысты намыс, оның үстіне жұмыс бабында да сыйыспаған.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екібастұздағы кісі өлтіру оқиғасы: қылмысқа не себеп болғаны мәлім болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137669/)