Ынтымақты жердің ырысы көп. Бауырмал қазақ халқының арқасында ұлттар мен ұлыстар бейбіт елде еш алаңсыз өмір сүріп келеді. Осылай деген ингуш этникалық тобының басшысы Сұлтан Оздоев басты байлық - бірлікте екеніне сенімді.
«Құшағына 130-дан астам ұлт өкілін сыйдырған Қазақстан – ауызбіршіліктің алтын ұясы іспетті. Сондықтан келер ұрпақ тыныштық пен татулықты көздің қарашығындай сақтауға тиіс»,- дейді Сұлтан Оздоев.
Сұлтан Оздоев, «Вайнах» қауымдастығы ингуш этникалық тобының басшысы:
Қазақ жерінде өсіп-өндім. Қарапайым инженерден академик дәрежесіне дейін жеттім. Барлық жетістігім үшін қазақ халқына қарыздармын. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Елдегі қоғамдық келісімді нығайту - бәріміздің ортақ міндетіміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан - ауызбіршіліктің алтын ұясы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137681/)