Атырау облысында көктайғақтың кесірінен екі күнде 50-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Ауруханаларда да жүктеме көбейді. Он күннің ішінде 300 - ден астам адам түрлі жарақатымен дәрігерге жүгінген. Алты адамды үсік шалған. Өңірдегі 196 мектепте ауа райының қолайсыздығынан 2 күн қатарынан сабақ доғарылды. Бүгінде 134 мыңнан астам оқушы онлайн режимде оқып жатыр. Қазір боран басылды. Алайда өңірдің кей аумақтарында әлі аяз.
Жандос Темірғалиев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында 300-ден астам адам дене жарақатымен дәрігерге жүгінген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137691/)