![13 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/26/1614309972607.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмды. 855 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 211212-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 746 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 195121. Қайтыс болғандар - 2733.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 277 адам ем қабылдап жатыр. 254 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 51 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49172 адамға пневмония диагнозы қойылды. 41633 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 620.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=13 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137707/)