![Қазақстанда Спорт жаттықтырушысы күнін атап өту ұсынылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/26/1614323505355.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда Спорт жаттықтырушысы күнін атап өту ұсынылды. Мұндай бастаманы Қазақстандық спортылар одағы көтеріп отыр.
«Біздің елде көптеген кәсіби мереке аталып өтеді: мұғалімдер күні, энергетиктер күні, қаржыгерлер күні т.б. Бірақ күнтізбеде әлі күнге дейін спорт жаттықтырушылары күні жоқ. Осы мерекені күтізбеге қосуды ұсынамыз», - дейді одақтың баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, қазіргі уақытта мереке бейресми түрде 30 қазанда тойланып жүр. Бірақ спортшылар одағы жаттықтырушылар күнін 7 сәуірде - қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күнінде ресми түрде атап өтуді ұсынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда Спорт жаттықтырушысы күнін атап өту ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137716/)