Алматы облысында алкогольді өнімдер шығаратын жасырын зауыт қызметінің жолы кесілді. Құзырлы органдардың бірлескен тексеруі нәтижесінде кәсіпорынның ішімдікті ірі көлемде өндіріп жатқаны анықталды. Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 170 мың шөлмек ішімдік табылды. Өндіріс орны 20 түрлі өнім шығарып келген. Табылған өнімдер серфикатталмаған әрі сапасы да күмәнді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында алкогольді өнімдер шығаратын жасырын зауыт анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137731/)