Ақмола облысында орналасқан «Қазақалтын» Акционерлік қоғамының қаржылық бөлім қызметкері кәсіпорын есеп-шотынан біреуге 1 жарым миллиард теңгеден астам қаржы аударып, өзі жоғалып кетті. Ол бұл заңсыз әрекетін 22-інші ақпанда жүзеге асырған. Қазір оған іздеу жарияланды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Степногорск қаласының бұрын сотталған 37 жасар тұрғыны да іздестіріліп жатыр.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында кәсіпорын шотынан 1,5 млрд теңгені жымқырған қызметкер іздестірілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137766/)