![Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/2/1614656007440.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 658 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 214089-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 893 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 197782. Қайтыс болғандар - 2772.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 694 адам ем қабылдап жатыр. 250 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 13 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49307 адамға пневмония диагнозы қойылды. 42520 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 628.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137844/)