Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, еліміз жаһандық криптоиндустрияға қатысқанымен, ол біздегі сауда айналымына енбейді. Қазақстанда қазір майнингпен айналысатын 17 компания ай сайын құны 18-28 млн доллар шамасында криптовалюта шығарады. Айта кетейік, майнинг дегеніміз биткоинді шығару процесі, криптовалютаны алудың тәсілі. Қазір елде деректерді өңдейтін 6 майнинг орталығының құрылысы жүріп жатыр.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:Елде криптовалюта жасау біздің биржадағы айналымда жүзеге асады. Сондықтан бұдан ел бюжетіне салық түседі. Әрбір транзакция үшін міндетті төлем жасалады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан биржаға әлемдік криптовалюта айналымының 1% аударады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137894/)