Мьянма қауіпсіздік күштері әскери төңкеріске қарсы шыққан шерушілерге оқ атып, тағы 9 адамды мерт қылды. Осыған дейінгі демонстрациялар барысында 18 тұрғын қаза тапқан еді.
Соңғы мәліметке қарағанда, бүгінгі қақтығыстар кезінде кемінде 30 адам жараланды.
Бұл мемлекетте әскери хунта үкіметті ақпанның 1-інде құлатып, ел лидері Аун Сан Су Чжи пен президентті тұтқындады. Қазір демократиялық жолмен сайланған басшылардың жақтастары қамалғандарды босатып, бұрынғы билікті қалпына келтіруді талап етіп жатыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мьянмада қауіпсіздік күштері шерушілерге оқ атып, 9 адамды мерт қылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137928/)