Елде банктерге 1 айда 45 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Екінші деңгейлі банктерге әкімшілік жаза төлем мен ақша аударымдарына қатысты қате есеп бергені үшін қолданылған. Сондай-ақ заңды тұлғалардың банк шоттарынан қолма-қол ақша алу тәртібі бұзылған. Еске салайық былтыр Қаржы нарығын реттеу агенттігі осындай тексеріс жүргізіп, банктер 176 млн теңгеге айыппұл арқалаған еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 айда банктерге 45 млн теңгеден аса айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137940/)