Елордада карантин шектеулері біршама жеңілдеді. Бұл туралы қаланың бас санитарының қаулысы шықты. Сауда үйлері мен кафе-ресторандар талаптарды сақтай отырып барлық күндері жұмыс істей береді.
Қоғамдық көліктер де штаттық режимде жұмыс істейді. Дегенмен бас қаладағы мекеме жұмысшыларының 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек. Той-жиын, жәрмеңке мен акция секілді іс-шараларға әлі де қатаң тыйым салынған.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137977/)