Әлемнің 70 елінде коронавирус жұқтыру фактілері әлі көбейіп келеді. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны планета бойынша 115 миллион 600 мыңнан асып, осы инфекциядан 2 миллион 700 мыңға жуығы қайтыс болған. Ал бір күндегі жұқтыру оқиғаларының көптігі жағынан алғашқы үштікке өткен тәулікте АҚШ, Бразилия, Франция кірді. Ал, вакциналау науқаны жүргізіліп жатқан елдер қатары 112-ге жетіп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемнің 70 елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138027/)