![Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/9/1615261473738.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бір тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. 571 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 219325-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 464 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 202694. Қайтыс болғандар - 2819.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 758 адам ем қабылдап жатыр. 254 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 4 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49577 адамға пневмония диагнозы қойылды. 43985 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 646.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138079/)