Алаяқтық қылмыс түрлері өршіп тұр. Қаңтарда осы баппен 4 мың іс тіркелген. Былтырмен салыстырғанда бірден 31%-ға артып отыр. Әсіресе, интернет арқылы алдау-арбау үдеп, құқық бұзушылық 1800-ге артқан.
Төлем карталарын пайдалану, несие рәсімдеу және жылжымайтын мүлік заемы бойынша зардап шеккендер көп. Жыл басынан бергі залал көлемі 1 млрд 800 млн теңге. Жеке тұлғаларға 1 млрд 100 млн, заңды тұлғаларға 83 млн-ға жуық, ал, мемлекетке 530 млн теңгедей шығын келтірген. Алаяқтық оқиғалардың басым бөлігі үш мегаполисте анықталған. Сондықтан екінші деңгейлі банктер азаматтарды сақ болуға шақырып отыр.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда интернет алаяқтық дерегі көбейген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138098/)