![Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/11/1615433431882.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 752 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220770-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 662 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 204129. Қайтыс болғандар - 2830.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 432 адам ем қабылдап жатыр. 231 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 48 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49629 адамға пневмония диагнозы қойылды. 44358 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 650.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138175/)