![Досаев азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/11/1615436705103.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылғы ақпанда жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Азық-түлік инфляциясы бағаның өсуіне әсер етіп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ішкі нарықтағы шектеулі ұсынысқа, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың және отандық өндірушілер бағаларының өсуіне байланысты жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктің сақталуынан биылғы жылғы қаңтардағы 11,4%-тен ақпандағы 11,6%-ке дейін жеделдед», - деді ол.
Өткен айларда байқалған ет және ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағаларының өсуі ақпанда тоқтатылды.
«Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан 9 айға созылып, бұл ФАО азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді. Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік құрамдас бөліктерінің динамикасы әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,3%-тен 5,2%- ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы тұрғын үй-коммуналдық реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі есебінен 4,1%-тен 3,9%-ке дейін баяулады. Жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда», - дейді Ұлттық банк төрағасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Досаев азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138178/)