Қызылордада тәртіп сақшылары вакцина ала бастады. Алғашқы күні 60 полиция қызметкері ерікті түрде екпе салдыруға ниет білдірген.
Жалпы қала бойынша 750-ден аса тәртіп сақшысы бар. Алдымен халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полицейлер мен жол-патрульдік инспекторларға екпе егіледі. Алдыңғы шепте жүретін құқық қорғаушылар жұқпалы кеселдің алдын алудың маңызын түсініп, вакцина салдыруға оң көзқарас танытып отыр.
Сәкен Бөрібаев, қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары:Өзім вакцина алып шықтым. Көңіл-күйім жақсы. Жалпы барлық полиция қызметкерлері ерікті түрде жүргізілуіне байланысты келісімдерін берді. Сол себепті бүгіннен бастап, кезек-кезегімен жүргізетін боламыз.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада полицейлер вакцина ала бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138203/)