Шетелдік инвесторлар мен Қазақстан арасындағы түрлі даулар енді Нұр-Сұлтандағы экономикалық сотта қаралатын болды. Мұндай өзгерісті қамтитын заң жобасы бүгін Сенатта қабылданды. Бұған дейін инвестициялық даулы істер Жоғарғы сотта қаралатын еді. Сондай-ақ екі буынды «инвестициялық» соттар жүйесі үш буынды болып қайта құрылады. «Бұл әр істің тиянақты қаралуын қамтамасыз етіп, инвесторлардың сот жүйесіне деген сенімін арттырады. Өзгерістер негізінен инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталып отыр», – дейді депутаттар.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инвестициялық даулар экономикалық сотта қаралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138220/)