![9 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/12/1615520151212.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. 899 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 221669-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 204782. Қайтыс болғандар - 2837.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 558 адам ем қабылдап жатыр. 231 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 65 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49694 адамға пневмония диагнозы қойылды. 44534 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 652.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=9 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138227/)