Соңғы екі айда экономикада оң динамика байқалады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының қабылдауында болған Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді. Айтуынша қазір барлық салада тұрақты өсім бар. Қызмет көрсету ісі де біртіндеп қалпына келе бастады. «Елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай да бақылауда», - деді Премьер-Министр. Вирустың арту көрсеткіші 0,9 пайызды құрап отыр.
Асқар Мамин сондай-ақ ОПЕК+ Мониторинг комитеті отырысының қорытындылары туралы да баян етті. Аталған жиында Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін арттыру туралы жеке келісім жасалды. Бұл тау-кен секторындағы өндіріс өсімін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік бермек.
Ләйлә Дулатқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Президентке есеп берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138242/)