Павлодарда жаңа туған сәби шетінеп кетті. Себебі, баланың ата-анасы қан алмастыруға қарсы болған. Салмағы 700 грамм шақалақ мерзімінен бұрын туған. Ол небары 1 тәулік қана өмір сүрді. Осы уақыт аралығында дәрігерлер ата-ананы көндірмек болғанмен, олар жазбаша түрде медициналық көмектен бас тартқан. Дәрігерлер полицияға жүгініп, консилиум өткізді. Бірақ қан алмастырып үлгермеді.
Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:Сәби өте әлжуаз болып туды. Уақыт өткен сайын әлсіреп, жағдайы төмендей бастады. Гемоглабин түсіп кетті. Соның өзінде анасы қан алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Өкінішке қарай, діни сенімдегі адам екен.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда ата-анасы қан алмастыруға қарсы болған нәресте қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138246/)