Жамбыл облысында боранның салдарынан «Күйік-Қарабастау- Жаңатас» бағытындағы облыстық маңызы бар жол әлі жабық. Жексенбі күні қатты бұрқасыннан күре жолдар жабылып, қозғалыс шектелді.
«Алматы-Термез - Ташкент» тас жолының бойында ұзын-сонар кептеліс қалыптасып, жүздеген көлік тұрып қалды. Құтқарушылар 20-дан астам жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған Жуалы ауданындағы Ертай ауылынан 15 жастағы науқасты ауруханаға жеткізді. Қазір республикалық маңыздағы барлық жолдар ашылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында боранның салдарынан күре жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138307/)