Елордада аз қамтылған отбасынан шыққан балалар және депутаттардың қатысуымен Наурыз мейрамын ұйымдастырғандарға айыппұл салынуы мүмкін. Яғни, аталған шара тиісті органдардың рұқсатынсыз өткен. Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мәдениет және спорт министрлігіне карантиндік шаралардың бұзылу фактісі бойынша түсініктеме беруін талап етіп хат жолдаған. Полициядан рапорт келіп түскен кезде, ұйымдастырушыларға әкімшілік шара қолданылмақ. Еске салайық, Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің 3 наурыздағы жарлығына сәйкес кез келген бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз мерекесін ұйымдастырғандар жауапқа тартылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138350/)