![Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/16/1615866135702.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 954 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 225685-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 207371. Қайтыс болғандар - 2865.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 375 адам ем қабылдап жатыр. 239 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 7 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49817 адамға пневмония диагнозы қойылды. 45235 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 656.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138363/)