Отбасылық-тұрмыстық қылмыс тыйылмай тұр. Былтыр 7 әйел күйеуінің қорлығынан көз жұмса, 50-ден астамы түрлі дене жарақатын алған. Зорлық-зомбылыққа көп жағдайда жұмыссыз отырған ер адамдар барады. Әсіресе, ішімдікке масайрағандар. Бұл туралы бас қаланың полиция департаментінің басшысы мәлімдеді. Өткен жылы тұрмыстық құқық бұзушылықпен 1 700-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу жұмысын жалғасып жатыр,-деді Ержан Сәденов.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Былтыр 7 әйел күйеуінің қорлығынан көз жұмса, 50-ден астамы дене жарақатын алған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138408/)