Нигерде қарулы топ базардан қайтқан тұрғындарға шабуыл жасап, 58 адамды мерт қылды. Қанды оқиға Мали шекарасы маңындағы Тиллабери аймағында болды.
Әзірге қастандықты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Бір анығы – содырлар төрт көлікке мінген адамдарға оқ жаудырды. Оқиғаға байланысты елде алдағы үш күн қаралы деп жарияланды.
Шабуылдың не үшін ұйымдастырылғаны белгісіз. Айта кетсек, Нигердің батысы мен оңтүстік-шығысында қазір радикалдық топтармен күрес жүріп жатыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нигерде қарулы топ шабуылынан 58 адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138432/)