Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, бауырлас қос елдің достық қарым-қатынасын жоғары бағалады. Алдағы уақытта өтеді деп жоспарланған халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138458/)