Атырауда шаңды дауыл тұрды. Қатты соққан желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін жетіп, қаланы тұтастай шаң басты. Бүлінген ғимарат жоқ, ешкім зардап шекпеді. Маңғыстау облысында да екі күннен бері дауыл соғып, тұрғындарды әбігерге салды. Жетібай-Шетпе, Шетпе - Сайтөс - Бейнеу тас жолы жабылды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда шаңды дауыл тұрды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138464/)