Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 190 салымшының өтінішін мақұлдап, инвестициялық басқарушы компанияларға 521 млн теңгеден аса жарна аударды. Азаматтар орташа есеппен инвестициялық басқаруға 2,7 млн теңге салды. Өтініштердің 54% Алматы қаласы тұрғындарынан түскен. Нұр-Сұлтан қаласында салымшылардың 18%-і қордағы қаражатының бір бөлігін басқарушы компанияға аударды. Әзірге инвестициялық басқаруға Атырау облысының тұрғыны ең көп қаражат салды – 6,7 млн теңге. Жалпы зейнетақы қорындағы ақшасын басқарушы компанияға аударуға 730-дан аса адам өтініш берген.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БЖЗҚ басқарушы компанияларға 521 млн теңгеден аса жарна аударды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138472/)