Жаңаөзенде балаларға арналған тегін оңалту орталығы ашылды. Жоба Президент бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Мұнда сал ауруы, психикалық ауытқулары бар, нейро-ортопедиялық ауруларға шалдыққан балаларға 9 түрлі оңалту қызметі көрсетіледі. Орталыққа алғашқы 21 науқас қабылданды. Жалпы жылына 600-ге жуық баланы сауықтыру көзделген.
Cәуле Сапақова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Бізге керек емдердің барлығы бар екен. Көріп шықтық. Енді болашақта осы центрдің жабылып қалмауын тілейміз.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңаөзенде балаларға арналған тегін оңалту орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138499/)